Өз зейнетақы жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?

Жарияланды
eGov.kz сайты немесе eGov Mobile ұялы қосымшасы арқылы тексеруге болады

Өз зейнетақы жинақтарыңызды қалай тексеруге болады? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілі қолжетімді:

enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдану;

ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы;

ЭЦҚ немесе ЖСН және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалана отырып, cabinet.enpf.kz/porog порталы арқылы;

eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында немесе eGov Mobile ұялы қосымшасы арқылы;

салымшының enpf.kz сайтында қалыптастырған үзінді көшірмесін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберуі арқылы;

салымшының қосымша өтініш беруін қажет етпейтін, оның БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме жіберу арқылы;

пошта байланысы қызметі арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайын хабарландыру барысында жылына бір рет);

салымшы жеке куәлігімен БЖЗҚ-ның кез-келген жақын орналасқан өңірлік бөлімшелерінің біріне өзі келген жағдайда.

БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде қызмет алу үшін enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, арнайы нысанды толтырып, салымшыға дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы ыңғайлы келу уақытын таңдап, алдын ала жазылуға болады. БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар», «Өңірлік желі» бөлімдерінде берілген картадан ең жақын бөлімшені таңдау мүмкіндігі де бар. Онда бөлімшенің жұмыс кестесі, кезекші қызметкер туралы деректер мен байланыс телефондары көрсетілген.

Барлық мәселелер бойынша Қорға 1418 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз