Қазақстанның оңтүстігінде тұрмыстық техника шығаратын зауыт салынады
Жарияланды
(жаңартылды )
Кәсіпорын құны 36 миллиард теңгені құрайды
Түркістан облысында құны 36 миллиард теңгені құрайтын ас үй пештері мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салынады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Республиканың премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына сапары барысында Түркістан облысының әкімдігі, өзбекстандық Artel Electronics компаниясы мен «Orbis Kazakhstan» ЖШС арасында тиісті келісімге қол қойылды.
Құжат аймақта ас үй пештері мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салуды көздейтіні атап өтілген. Зауыттың қуаттылығы жылына 1 миллион дана жабдықты құрайды. Инвестициялардың жоспарланған көлемі 36 млрд теңгені құрайды (айырбас бағамы бойынша – 418,67 / $ 1). Кәсіпорын 2,1 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.