Шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды
Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен – 577, анықтамасыз – 23;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен – 249; анықтамасыз – 234;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен – 58; анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.