Жаңалықтар

Шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

13 халықаралық әуе рейсі келді

Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
 
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен – 577, анықтамасыз – 23; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен – 249; анықтамасыз – 234;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен – 58; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.