Байден жаңа жарлыққа қол қойды

Жарияланды
Алдағы 100 күн мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде бетперде тағу қажет

АҚШ-тың жаңа президенті Байден қызметіне кірісе салысымен алдағы 100 күн мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде бетперде тағу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат Telegram каналы хабарлады.

Канада елге келу сапарларына тыйым салу 21 ақпанға дейін ұзартты. Бұл шара 2020 жылдың наурыз айынан бастап қолданылып келеді. Сапарлары маңызды санатқа жатпағандар Канадаға келгеннен кейін 14 күн карантинде болуы керек, сонымен қатар сапар алдында вирустың жоқтығын тестпен растаулары керек. Канадада вирус 724 мыңнан астам тұрғыннан анықталған, 18,4 мың адам қайтыс болған.

Германияда індеттің орташа таралуы 1 қарашадан бастап ең төменгі деңгейге жетті – соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда  коронавирустық инфекцияның 119 жағдайын құрады. Бұл көрсеткіш қатарынан сегізінші күн төмендеуде.

Португалияда күніне 6 700-ден астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Елдің ірі ауруханалар алдында КВИ-ге шалдыққан адамдарды жеткізген жедел жәрдем көліктері ұзын сонар кезек күтуде. Осыған орай, дәрігерлер жалпы локдаунға  дейінгі қатаң шектеу шараларын енгізу қажет деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз