Жаңалықтар

Зейнетақы қоры салымшыларға 193 миллиард теңге қаржы төледі

1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 алушыға төлем жасады

БЖЗҚ салымшыларына 193 миллиард теңгеден аса қаржы төленді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

2021 жылдың 1 қаңтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

– зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 67,7 млрд теңге;

– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 46,3 млрд теңге;

– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 36,8 млрд теңге;

– мұрагерлік бойынша төлемдер – 36,5 млрд теңге;

– жерлеуге берілетін төлемдер – 4,4 млрд теңге;

– мүгедектік бойынша төлемдер – 1,7 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 978 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.