Кеше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларын бекітті. Бұл құжат жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, зейнетақы шотындағы артық ақшаны мына мақсатта пайдалануға болады:
1) тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үйді меншікке ресімдеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу үшін (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) толық есеп айырысу;
2) бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізе отырып тұрғын үйді сатып алуға арналған тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу;
3) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру, берешекті ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық), тұрғын үй қарызын алуға;
4) ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
5) тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.
Зейнетақы шотындағы ақшаны қолға бере салмайтыны белгілі. Қаржы уәкілетті орган ретінде бекітілген – Отбасы банкінде ашылған арнайы есепшотқа аударылады.
Ол үшін алдымен БЖЗҚ-дағы жеке кабинеттен зейнатақы жинағыңызды тексеріп алған жөн. Зейнетақы шотыңызды қанша қаржы бер екенін тексеру жолы мында жазылған.
Егер жеткілікті шектен асатын қаржы болса, онда Отбасы банкінен арнайы есепшот ашу қажет. Есепшотты үйде отырып-ақ аша беруге болады. Телефоннан мобайл қосымша арқылы шот ашу жолы мына сілтемеде түсіндірілген. Сондай-ақ, «Отбасы банк» АҚ сайтына бейне қоңырау арқылы ашуға болады.
Арнайы шотты ашқаннан кейін, ЭЦҚ-мен куәландырылатын арнайы шотт нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жолып көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтінішті толтыру қажет.
Баспана жағдайын жақсарту үшін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар біржолғы зейнетақы төлемдерін біріктіруіне берілген.
Үй алуға немесе ипотеканы жабуға біржолғы зейнетақы төлемі жетпесе, өз ақшаңды қосуға болады.
Бұл ережеде мынандай шектеулер бар:
1.Осы ақшаға жақын туыстан үй сатып алуға тыйым салынған.
2. Зейнетақы жинағын пайдалана отырып сатып алынған үйді келер 5 жылда сатуға болмайды. Тек сот шешімімен немесе кепіл ұстаушының кепілге берген жылжымайтын мүлкін өткізу қажет болғанда сатылуы мүмкін.