Жаңалықтар

Ресейде мыңдаған адам Алексей Навальныйды қамаудан босатуды талап етіп наразылыққа шықты

Алаңға шыққан адамдар ұсталды

Ресейде Алексей Навальныйды қолдау мақсатында келісілмеген акциялар өтті. Ол 17 қаңтарда Ресейге оралғаннан кейін бірден ұсталған болатын. Алаңда не болып жатқандығы жайлы РБК хабарлайды.

Ресейде полицияға ұсталғандардың жалпы саны 329-ға жетті, деп хабарлайды ОВД-Инфо. Ішкі істер министрлігі әлі ресми ақпарат берген жоқ.

Алғашқы демонстрациялар Қиыр Шығыстан басталды. Митингтер мен пикеттер Владивостокта, Хабаровскіде, Якутскіде өтті. Полиция Новосибирскіде 66, Красноярскіде 27, Омбыда 12 адамды ұстады.