2020 жылы ҚР-да ұрлық саны 2 есеге азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұялы телефондар ұрлығы 51 %-ға, пәтер ұрлығы 63 %-ға азайды. Сондай-ақ, қызметкерлердің жедел жұмысы мен ІІМ заң шығару бастамаларының арқасында мал ұрлығы деңгейін 40 %-ға төмендетуге қол жеткізілді. Осылайша, ел басшылығы ІІМ алдына қойған маңызды міндеттердің бірі орындалды.
Сондай-ақ, елдің бас полицейі 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бағдарламасын бекіткенін айтты. Ол азаматтардың тұрғын үйі мен мүлкін қорғауға жеке күзет құрылымдарын белсенді тартуды, «көршілер бақылауын» енгізуді, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін мүлікті сақтандыруды, сондай-ақ сигнал беру жүйелерін пайдалануды көздейді.
«Ұрлық қылмыстың ең көп таралған түрі болып қала береді, сондықтан полиция бұл бағытта белсенді жұмысын жалғастырады», – деді министр.