Германияда COVID-19 қарсы вакцинадан бас тартқан жұмысшылар жұмыстан қуылды

Жарияланды
Үш адам екпеден бас тартқан

Германияда бірінші рет жұмысшылар COVID-19 қарсы вакцинадан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы РИА НОВОСТИ хабарлайды Bild газетіне сілтеме жасап.

Медбикелер орталығының басшысы Рене Виллмер және оның әйелі коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, кейін қызметкерлерін де осы жолға түсуге шақырды.

Алайда олардың үшеуі екпеден бас тартты, ал төртеуі әлі шешім қабылдаған жоқ. Нәтижесінде, ол екі күндік мерзімді белгіледі – сол уақытта қызметкерлер шешуі керек болды. Қызметкерлер оң жауап бермеген соң  оларды жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған.

Сондай-ақ оқыңыз