Коронавирустан ем қабылдап жатқан 311 адамның жағдайы ауыр

Жарияланды
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Коронавирустан ем қабылдап жатқан 311 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

25 қаңтардағы мәлімет бойынша,  27 360 адам короновирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 827 пациент стационарда, 20 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

311 адамның жағдайы ауыр;
43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз