Коронавирустан ем қабылдап жатқан 311 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 360 адам короновирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 827 пациент стационарда, 20 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
311 адамның жағдайы ауыр;
43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.