Австрияда респиратор тағу міндеттелді
Жарияланды
Маскаға қарағанда аурудан қорғау қабілеттілігі жоғары
Австрия тұрғындары дүкендер мен қоғамдық көлікте FFP2 санатындағы респиратор тағуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».
Респиратордың аурудан қорғау қабілеттілігі жоғары. Бірақ бағасы едәуір қымбат.
Сондықтан ел билігі оны бір еуро бағамен сатуды шешкен. Жағдайы нашар адамдарға тегін үлестіріледі.
Ережені бұзғандарға қомақты айыппұл салынады.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда екі метр арақашықтықты сақтау ережесі күшіне енді. Австрия канцлері Себастьян Курц локдаун мерзімі ақпанның 7-не дейін ұзартылатынын хабарлады.