Эмомали Рахмон: Тәжікістан халқы індеттен толығымен арылды

Жарияланды
15 күнде елде індетті жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Президент Эмомали Рахмон Тәжікстан халқы індеттен  толығымен арылды деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz  мәлімдеді. 

Бірақ, мемлекет басшысы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге шақырды.

2020 жылы үкімет денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 140 миллион доллардан аса қаражат бөлген.

 Елде 30 жаңа аурухана ашылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 15 күнде елде індетті  жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз