«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Екпе алудан бас тартқан адам әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері екпе салдырта алады.
Ал 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері екпе алуына болады.
1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдыртады.
Екпе салардың алдында:
– екпе салдыратын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен кері әсері, сондай-ақ егуден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беріледі;
-ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту қағазы ресімделеді.
– әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес егілгендерге сауалнама жүргізіледі.
Әйелдерге вакцина салмас бұрын жүкті емес пе, бала емізбей ме, соны анықтау қажет. Жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салынбайды.
ДСМ-нің хабарлауынша, вакцинацияның қауіпсіз. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады.
Бастапқы кезеңде екпеге ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылмақ. 2021 екінші жартысында QazCovid-in отандық өнім қолданылады.