Банк пен қаржы

Операторға өтінім берер алдында жеке зейнетақы шотын тексеру керек

enpf.kz сайты арқылы

Уәкілетті операторға өтінім берер алдында жеке зейнетақы шотын тексеру керек. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістен құралады. Ол инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарының құнына және қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Осыған байланысты зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің белгіленген шегінен асатын, алуға қолжетімді сома өзгеруі мүмкін.

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтініш берер алдында тексеруге кеңес береміз. Сонымен қатар өтінімде уәкілетті операторлардың («Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және екінші деңгейдегі банктер) ұсынымдарына сәйкес, БЗТ сомасын бөліп-жармай, дөңгелектеп, қосымша белгілер қоймай, бос орын және т. б. қалдырмай көрсету керек.     

БЖЗҚ-ның барлық техникалық және ақпараттық ресурстары штаттық режимде жұмыс істеуде.