Өз картаңызды қорғаңыз

Жарияланды
Негізгі қауіпсіздік қағидалары

Пластикалық карталардың жұмысын қамтамасыз ететін қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге қарамастан оларды қолдану кезіндегі ақша қаражатын жоғалту тәуекелі әлі де жоғары болып қалуда. Интернеттегі алаяқтықтың неғұрлым жиі кездесетін себебі – пайдаланушылардың мұқиятсыздығы не киберқауіпсіздік қағидалары жөніндегі білімнің жеткіліксіздігі.Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Mastercard, Accenture және Group-IB компаниясының зерттеулер деректеріне сәйкес төлем карталарымен байланысты алаяқтық нарық көлемі 2020 жылы 5,2 млрд АҚШ доллары белгісіне жетті. Болған оқиғалардың 41%-ы жағдайында картаны ұстаушы ақшаны алаяқтарға өз қолымен аударған. Кибершабуылдар, вирустарды және фишингтік бағдарламаларды қолдану жиынында карта өнімдерімен алаяқтықтан болатын барлық әлемдік шығындардың бар-жоғы 29%-ның себебі болады. Мұндай жағдайлардың басым бөлігінде (84,5%) пайдаланушы өзінің құрылғысына кіруді ұсынған немесе зиянды бағдарламаларды дербес орнатқан. Статистикаға жүгінсек, төлем карталарымен байланысты қылмыстардың ашылуы 8%-дан аспайды.     Ұлттық Банктің деректері бойынша 2020 жылы Қазақстанда 2 млн астам жаңа төлем карталары шығарылып, пайдаланушыларға берілді. Ал эпидемиологиялық жағдайды ескерумен жарты миллионға жуық азаматтарымыз «қолма-қол емес ақшаға» көшуге мәжбүр болып, банк карталарын бірінші рет алған, бұл, әрине, олармен жасалатын алаяқтық әрекеттердің тәуекелін арттырады.

Сіздің банк картаңызбен қандай операциялар жасауға және, бастысы, жасауға болмайтынын білуге тырысайық.

Басты сұрақ – қалай?

Сіздің картаңыздың деректерін алудың ескі, бірақ әлі қолданыстағы тәсілі – бұл телефон қоңыраулары. Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп жиі алдайды, сіздің шотыңызға хакерлік шабуыл жасаймын деп қорқытады және сіздің төлем картаңыздың деректемелерін хабарлауды талап етеді.

Бастысы, нені есте сақтау керек – банктер ешқашанда бірінші болып және телефон қоңырауларының көмегімен бастама жасамайды, себебі банктік карта және оның деректері туралы ақпарат банктік құпия туралы заңда қорғалатын мәліметтер санатына жатады. Тіпті, егер сіздің картаңызға немесе шотыңызға қатысты жағымсыз жағдай болса, банк оларды бұғаттайды, бұл туралы сізді SMS немесе мобильдік қосымша арқылы хабардар етеді. Және сіз банктің инфрақұрылымының ішінде екеніңізді, яғни оның қорғауында екеніңізді біле отырып, банкпен өзіңіз хабарласасыз.

Сондай-ақ, Касперский зертханасының зерттеу деректері бойынша шамамен әрбір үшінші Қазақстандық алаяқтықтың осындай түріне ұсынып қалады. Неғұрлым жоғары тәуекел тобында – карт азаматтар және қаржы нарығына енді ғана кірген жастар. Әдетте, олар телефон алаяқтарының құрбандары болып қалады.

Карточка деректерін алудың екінші кеңіне таралған тәсілі – электрондық пошта бойынша тарату. Әдетте хат банктен деген желеумен, төлем картасында көрсетілген деректерді, иесінің атын, қолданыс мерзімін және қорғаныш кодын хабарлауды талап ете отырып жіберіледі. Себеп ретінде сіздің интернет-банкингіңізді бұзудың алдын алу үшін, қорғанышты күшейту, қайта тіркеу, деректерді қорғаудың жаңа моделіне өту және т.с.с. үшін картаның деректерін ұсыну қажеттілігі көрсетіледі. Алаяқтар осындай хаттарды тарата отырып, сізге қызмет көрсететін банктің поштасының атын, домендік аттарын пайдалануы мүмкін.

Егер сіз электронды поштаңызға төлем картаның мәліметтері бар нысанды толтыру немесе басқа конфиденциалды ақпаратты ұсыну туралы хат алсаңыз, ешбір жағдайда оған жауап бермеңіз.

Ең дұрысы – бұл жөнінде өз банкіңіздің қауіпсіздік қызметіне хабарлау, олар өздері тергеу амалдарын жүргізеді және алаяқтардың поштасын бұғаттайды.

Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спам – жіберілімдерді немесе жалған сайттарды пайдаланады. Мұндай сайттарда зиянды бағдарламалар болуы мүмкін, олар орнатқаннан кейін құрылғы және пайдаланушының әрекеттері туралы деректерді жинап, бұл ақпаратты алаяқтарға жібереді. Сондай-ақ, сіз пошта немесе SMS-хабарламалар арқылы келген таныс емес сілтемелерді және таныс емес дереккөздерден электрондық пошта арқылы келген файлдарды ашпауыңыз керек.

Төлем карточкасы жоғалған, ұрланған, банктік шотқа ақшаны қате алған немесе аударылған, рұқсатсыз төлем жасалған кезде немесе егер сіз қаржылық алаяқтардың алдауына түскен және оларға өз деректеріңізді ұсынған болсаңыз, онда сіз дереу банкке хабарласып, төлем карточкаңызды бұғаттауыңыз қажет. Сіздің картаңыздан қаражат ұрланған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Желі арқылы сауда жасау алдында ойланыңыз

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылы интернет-дүкендер арқылы сатып алулар саны өткен кезеңмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Бұл көбінесе дәстүрлі дүкендерге қарағанда Интернет арқылы сауда жасаудың тиімді екендігімен байланысты, өйткені интернет-дүкендердің үстеме шығыстары төмен болып келеді және сәйкесінше өнім құны да төмен болады.

Онлайн-мәмілелер жасаудың жүз пайызға өсуі көп нәрсені білдіреді. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес, олар көбінесе киберқауіпсіздік пен желідегі алаяқтыққа қатысты болып келеді. Сондықтан, желіде кез келген қаржылық операциялар жасау кезінде екі есе қырағылық таныту қажет.

Белгілі және ірі дүкенді таңдаңыз. Мұндай таңдау жасау арқылы өзіңізді интернет-алаяқтықтың алдауына түсіп қалудан қорғай аласыз, дегенмен белгілі сайттардың клондары (көшірмелері) туралы әрдайым есте сақтағаныңыз жөн, сондықтан қажетті сайтқа кіргеніңізге тағы да бір көз жеткізуіңіз керек. URL-адресін мұқият тексеріп отырыңыз, әрқашан расталған сертификаты бар қауіпсіз қосылымдарды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз.

 Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін қарапайым қағидаларды сақтау керек:

1. Сіз жаңа карта алған бойда оған қол қойыңыз.

2. Карта нөмірін және жеке сәйкестендіру нөмірін басқалардан жасырын сақтаңыз.

3. PIN-кодты есте сақтаңыз және оны жазылған түрде сақтамаңыз.

4. Сіздің карталарыңыздың барлығы өз орнында екендігін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.

5. Сіздің картаңыздың нөмірі көрсетілген чектердің, билеттердің және басқа да құжаттардың көшірмелерін жойыңыз.

6. Алаяқтар пайдалана алатын ақпаратты басқаларға бермеңіз.

7. ЕШБІР ЖАҒДАЙДА интернет арқылы өз шотыңызға кіру паролін ешкімге бермеңіз.

8. Шотыңыз туралы ешкімге ақпарат бермеңіз.

9. Қауіпсіз, адам көп жиналатын жерлерде орнатылған банкоматтарды (банк бөлімшелерінде, әуежайларда, сауда орталықтарында және т.б. орналасқан банкоматтар) қолданыңыз.

10. Егер банкоматтың жанында күдікті адамдар болса, құрылғыны кейінірек қолданып көріңіз немесе басқа банкоматты қолданыңыз.

11. Банкоматтарда операция жасау кезінде бөгде адамдардың көмегін қабылдамаңыз және олардың кеңесіне құлақ аспаңыз.

12. Егер сізге банкомат күдікті болып көрінсе (мысалы, банкомат конструкциясына сәйкес келмейтін немесе банкоматтың кейбір бөліктерінің тұтастығы бұзылған құрылғылармен жабдықталған), осы банкоматта банктік карталарыңызды пайдаланбаңыз.

13. Егер банк картасы банкоматқа салынбаса, мұндай банкоматты пайдаланудан аулақ болыңыз.

14. PIN-кодты терген кезде әрқашан пернетақтаны қолыңызбен қалқалаңыз.

https://www.fingramota.kz/kz/info/news/6124/
 

Сондай-ақ оқыңыз