Петропавлда полицейлермен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғыны 14,5 кг астам марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің қиылысында ұсталды. Қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, Volkswagen автомашинасының салонында скотчпен оралған үш полиэтилен пакет салынған қапты анықтады. Ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат болды. Сот-химиялық сараптаманың актісі алынған заттың салмағы 14 кг 540 грамм кептірілген марихуана екендігін көрсетті.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
Ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі рет соттылығы бар. Аса ірі мөлшерде есiрткi құралдарын өткізгені үшін 2008 жылы сотталған. Бас бостандығынан айыру орнынан 2018 жылы босап шыққан.
СҚО-да 2020 жылдың 12 айында заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі заттары алынды.