Жаңалықтар

Макгрегор алты айға жекпе-жектен шеттетілді

Оны америкалық Дастин Порье нокаутқа жібергеннен кейін

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды америкалық Дастин Порье нокаутқа жібергеннен кейін 180 тәулікке шеттетілді.Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ол Абу-Даби қаласында UFC 257 Дастин Порьемен өткізген кездесуде оң аяғын жарақаттап алған. Бірақ оның жақараты жеңіл болып, дәрігерлер рұқсат беретін болса, шамалы ертерек кездесу өткізе алады.

Ол соңғы айқасында жеңіліп қалды. Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегор UFC-де алдағы жарты жылда жекпе-жек өткізе алмайды.

Порье МакГрегорды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Олар негізі 2014 жылы да кездескен болатын. Ол кездесу Конор қарсыласын екінші раундтың бірінші минутында нокаутқа түсірген.