Несие тарихыңызды білудің жолы қандай?

Жарияланды
Банктер несие берер кезде тарихыңызға міндетті түрде қарайды

Қазақстан нарығында банктердің көптеп пайда болуы және олардың тиімді ұсыныстар жасауы, түрлі қызметтерді оңтайландыруы, сондай-ақ азаматтардың табысы азайып, қоғамдық-экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың несиені көбірек рәсімдеуіне әкеліп соғып жатыр. Соңғы жылдары азаматтардың несие алу дерегі де, тиісінше несиені қайтара алмау статистикасы да артқан. 

Қандай мақсаттағы несиені алғыңыз келсе де банк бірінші кезекте сіздің несие тарихыңызға мән береді. Несие тарихы жақсы клиенттер займ алу кезінде аса қатты қиындыққа тап болмайды. 

Қазақстан заңы бойынша азаматтар өз несие тарихын жылына бір мәрте ғана тексере алады. Егер екінші мәрте тексергісі келсе онда ақы төлеуі керек. Несие тарихыңызды тексеру арқылы алаяқтардың сіздің атыңыздан ақша алған-алмағанын, несие тарихыңыздың қандай күйде екенін, басқа да маңызды деректерді біле аласыз. Ондай тексерісті алғашқы несие бюросының сайтында және egov.kz электронды үкімет порталында жасауға болады. 

Несие тарихы ешқашан түбегейлі жойылып кетпейді. Тек оны кезең-кезеңімен түзеуге ғана болады. Түзеудің жалғыз амалы – кез-келген несиеңізді уақытылы, кешіктірмей төлеу. Банк алдындағы тәртібіңіздің дұрыс екенін дәлелдеу. 

Несие тарихын тексеру үшін ЭЦҚ кілтіңізді пайдаланып, egov.kz порталына кіресіз. «Азаматтарға» деген бөлімнен «Кеден және салықтар» айдарын таңдайсыз. Одан кейін «Экономика және қаржы» бөліміндегі «Дербес несие есебін алу» қызметіне онлайн тапсырыс бересіз. Жаңа ашылған терезедегі жолдарға деректеріңізді енгізіп, «келесі» батырмасын басасыз. Одан соң ЭЦҚ сертификатын (RSA деп басталатын) енгізу керек. Электронды түрде қол қойылғаннан кейін тапсырыс өңдеуге жіберіледі. Шамамен 10-15 минут көлемінде сіздің тапсырысыңыз дайын болады. Өз несие тарихыңыз туралы ақпаратты PDF форматты жүктеп алуға мүмкіндік бар. 
 

{«preview_thumbnail»:»/sites/default/files/styles/video_embed_wysiwyg_preview/public/video_thumbnails/AFUgmLd-l-8.jpg?itok=cE4DsQ-F»,»video_url»:»https://www.youtube.com/watch?v=AFUgmLd-l-8″,»settings»:{«responsive»:1,»width»:»854″,»height»:»480″,»autoplay»:0},»settings_summary»:[«Embedded Video (Адаптивный).»]}

Сондай-ақ оқыңыз