2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,9 трлн теңгені құрады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Есепті күнгі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің құрылымы БЖЗҚ ресми сайтының «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.
ҚР 2020 жылға арналған Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттарын былайша көрсеткен:
– ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 648,4 млрд теңгені (барлық портфельдің 43,8%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары, теңгемен номиналданған МБҚ орташа алынған кірістілігі жылына 8,8% , АҚШ долларында – жылына 4,4% құрады;
– ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 821,67 млрд теңге (14,13 %), теңгеге номиналданған осы құралдар бойынша орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларында – жылына 5,2% құрады;
– 1 158,49 млрд теңге (8,98%) болатын ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. жыл басымен салыстырғанда ЕДБ облигацияларының үлесі 2,1% азайды. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,1%, АҚШ долларында – жылына 6,3% құрады;
– 816,53 млрд теңге мөлшерінде сыртқы басқарудағы активтер (портфельдің 6,33%). 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 285,36% өсуі есепті кезең ішінде мандат шарттарына сәйкес жүргізілген инвестицияларға негізделген.
Активтер сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық банктердің депозиттеріне (тиісінше, бүкіл портфельдің 2,19% және 1,95%), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне (2,58% құрайды), қазақстандық эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (үлесі 2,28%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (0,24%) және нарық талаптарындағы басқа да қаржы құралдарына әртараптандырылған.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі төмендегідей көрініске ие:
– ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,91 %, АҚШ долларында – 28,9 %, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,19% .
Есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
– бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 831,68 млрд теңге;
– бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан кірістер (шығындар) 85,76 млрд теңге;
– шетел валютасын қайта бағалаудан кірістер (шығындар) 291,02 млрд теңге;
– басқа активтерді қайта бағалаудан кірістер (шығындар) (ПФИ) (5,49) млрд теңге;
– сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығындар) 50,25 млрд теңге;
– басқа да кірістер 9,28 млрд теңгені құрады.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,3 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгеннен бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5,6 трлн теңгеден асты. 1998 жылдан (жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастаған) бастап инвестициялық табыстылық өсу қорытындысымен 602,90% құрады. Бұл ретте инфляция 496,65% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 106,25% құрады.