БҰҰ: Оңтүстік Суданда 8,3 миллион тұрғын шұғыл көмекке мұқтаж
Оңтүстік Суданда шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдардың саны 8,3 миллионға дейін өсті. Бұл туралы Анадолу сайты БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (БҰҰ OCHA) сілтеме жасап хабарлады.
Оңтүстік Судандағы жағдай ішкі қақтығыстар, жаңа коронавирустық инфекция (COVID-19) эпидемиясы мен климаттың өзгеруі жағдайында нашарлады, делінген хабарламада.
Халықаралық ұйым атап өткендей, қақтығыстар, қауіпсіздік пен табиғи апаттар салдарынан 2013 жылдан бері елде 4 миллионға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
БҰҰ Оңтүстік Судан қалаларындағы экономикалық дағдарыс пен тұтыну бағаларының өсуіне де назар аударды.
«Аштық белең алуда. 2021 жылы 7,2 миллионнан астам адам ауыр азық-түлік тапшылығына тап болады.», – деп ескертті БҰҰ.