Елордада 31 қаңтарда қоғамдық көлік жүрмейді
Жарияланды
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің instagram парақшасында хабарланды.
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.
Дүйсенбіде барлық бағдарлар штаттық режимде қатынай бастайды.