Қытайға індеттің шығу тегін зерттеу үшін келген ДДҰ делегация карантиннен шықты

Жарияланды
Сарапшылар COVID-19 шығу тегі туралы білу үшін Уханьда зерттеу жүргізбек

ДДСҰ сарапшылары COVID-19-тің Қытайда пайда болуын зерттей бастайды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Қытайға жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) шығу тегін зерттеу үшін келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) делегациясы карантиннен шықты.

Сарапшылар COVID-19 шығу тегі туралы білу үшін Уханьда зерттеу жүргізбек.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь 13 адамнан тұратын сарапшылар тобы карантиннен шыққаннан кейін COVID-19 тергеуін бастайтынын айтты.

 «Зерттеулер ДДҰ делегациясын осы процесте қолдайтын қытайлық ғалымдармен бірлесіп жүргізіледі», – деді СІМ өкілі.

Делегация құрамында АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Катар және Вьетнамның зерттеушілері мен сарапшылары бар.

14 күндік карантин кезінде қытайлық шенеуніктермен онлайн кездесулер өтеді деп бұған дейін хабарланған болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз