Ресейде Навальныйдың ағасы, адвокаты және дәрігері қамауға алынды

Жарияланды
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Навальныйдың Мәскеудегі пәтерлерінде тінту жүргізді

Ресейдің құқық қорғау органдары ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың інісі – Олегті, адвокат Любовь Соболды және жеке дәрігер Анастасия Васильеваны қамауға алуға санкция берді.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Бұл туралы РФ Әділет министрлігі «шетелдік агент» деп таныған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың директоры Иван Жданов мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары Навальныйдың Мәскеудегі пәтерлерінде тінту жүргізді.

Ресейде 23 қаңтарда Навальныйдың босатылуын талап еткен ондаған мың адамның қатысуымен жаппай наразылық акциялары өтті.

Бүкіл елде болған акцияларда үш мыңнан астам адам ұсталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз