73 жастаға зейнеткердің тонын заңсыз иемденген алаяқ ұсталды
Жарияланды
Келтірілген шығын құны 250 000 теңге
Қызылордада зейнеткердің күзен тонын алдап алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 73 жастағы зейнеткер арызданды. Ол арызында белгісіз біреудің құны 250 000 теңге тұратын күзен тонын алдап алғанын көрсеткен.
Тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған бұрын сотты болған 37 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.