Жаңалықтар

Грузия туристер үшін шекарасын ашады

Тек індетке қарсы вакцина алғандарды ғана

1 ақпаннан бастап тұрақты рейстер қалпына келтірілгеннен кейін Грузия билігі коронавирусқа қарсы вакцина алған  барлық шетелдіктерге елге келуге рұқсат береді, деп хабарлайды ТАСС республиканың экономика және тұрақты даму министрі Натия Турнаваға сілтеме жасап.

Министр өзінің мәлімдемесін коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін жасады.

 «Шекарада коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтағанын растайтын құжатты ұсына отырып, кез-келген елдің азаматтары Грузияға еш қиындықсыз кіре алады», – деді Турнава.