2021 жылы Ақмола облысында 17 автожол жобасы жүзеге асырылмақ
2021 жылы Ақмола облысында 17 автожол жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы құрылыс маусымында Ақмола облысында автомобиль жолдарының республикалық және жергілікті желісін жақсарту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілмек. Өңірде құрылыс, реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Атап айтсақ, «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолының 1231-1247 шақырымында автоматтандырылған өлшеу қондырғыларын орнату мен жоба-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген. «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» автожолының 856-913 шақырымындағы учаскесі күрделі жөндеуден өтпек. Жөндеудің дәл осы түрін «Жақсы – Есіл – Бұзулық» тас жолының 80+900 шақырымындағы көпірге жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленеді. «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы» 930-960 шақырымында және «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының Шортаңды ауылы жанындағы өтпежолға орташа жөндеу жүргізілетін болады.
Сонымен бірге, облыстық жолдарда 3 көпір салу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, «Атбасар – Сочинск», «Есіл-Свободное-Раздольное және Зеренді ауданы Садовой ауылдық округының Заречное ауылында тұрғызылмақ.
Бұдан бөлек, құрылыс компанияларымен орташа жөндеу жұмыстары келесідей автожолдарда жүргізіледі: «Екатеринбург-Алматы» – Түрген – Константиновка – Белоярка» 0-67 км, «Жаңа Қалқұтан – Ақкөл – Азат – Минск» 55 – 104 км, «Атбасар – Қима» – «Жақсы – Державинск» 9 – 51 км, «Жақсы – Державинск» 101,5 – 140 км, «Зеренді – Қызыл Кордон – облыс шекарасы» 5,1 – 41, 3 км мен «Бұзулуқ – Алматы» 0 – 38,5 км.
Еске сала кетейік, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7940 шақырымды құрайды. Оның 2314 км – республикалық желі, 5626 км – жергілікті желі.