Жаңалықтар

ДДҰ делегациясы Уханьдағы теңіз өнімдер базарына барды

Сарапшылар COVID-19 шығу тегі туралы Уханьда зерттеу жүргізуде

Қытайға жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) шығу тегін анықтау үшін келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) делегациясы Қытайдың Ухань қаласындағы теңіз өнімдер базарыда  зерттеу жүргізді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Зерттеулерінің үшінші күнінде сарапшылар коронавирустың Ухань қаласындағы азық-түлік тарату орталығы деп аталатын базараға  таралу себептерін анықтауға тырысуда.

COVID-19-тің пайда болуын анықтау үшін мамандар Хубэй провинциясындағы Қытай және Батыс медицина ауруханасында және Уханьдағы Цзиньинтан ауруханасында зерттеулер жүргізді.

АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Катар және Вьетнамдан сарапшылар мен зерттеушілер делегациясы 14 қаңтарда жеке ұшақпен Уханға келді.