Биыл халық санағы екі тәсілмен өтеді: дәстүрлі және онлайн режимде. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
«Енді халық саны жөніндегі мәлімет жинау екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі – www.sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізу, ол виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге тұрғылықты жеріне қарамастан өздігінен санақтан өтуге және отбасы мүшелерінің санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Екіншісі – дәстүрлі, яғни қажетті санитарлық нормаларға сақтай отырып, үй-үйді аралап санақ жүргізу. Ол онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында өткізіледі» деді Келімбетов.
Сондай-ақ, тағы бір жаңалық – интервьюерлердің үй-үйді аралау кезінде электронды планшет пайдаланып, алынған деректердің бірден соған жүктелмек. Келімбетовтың айтуынша, планшеттер кейін мектептерге беріледі.
Респонденттер арасындағы интернет-сауалнама 1-15 қазан аралығында өтсе, санақшылар үй-үйді 1-30 қазан аралығында аралайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29 қаңтарында өткен Жоғары Кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасарының төрағалық ететін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырған. Бұл жұмыс тобы санаққа дайындық пен ұйымдастыру және мазмұндық мәселелерін шешумен айналысады.
Санақ нәтижесі 2022 жылдың ортасына қарай жариялануы тиіс.
Президент санақ барынша сапалы болуы үшін сауалнамаларды мазмұнды толтыру мағызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар, ол азаматтарды көптеген сұрақтармен шамадан тыс жүктеуге және сандық технологияларды кеңінен қолдана отырып, санақ жүргізуге оңтайлы жақындауға жол берілмейтінін айтқан еді.
Тәуелсіз Қазақстанда халық санағы екі рет: 1999 және 2009 жылы өткізілді. Үшінші санақ 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.
Үшінші халық санағының шығыны 8,2 млрд теңгені құрайды. Бұл сомаға санақшылардың жалақысы, планшет сатып алу және басқа шығындар кіреді.