Жаңалықтар

Ақылы жолдар бюджетке 5,7 миллиард теңге қаржы түсірді

4 учаскесі

Ақылы жолдардың 4 учаскесі бюджетке 5,7 млрд теңге қаржы түсіреді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақылы жолдардан 2021 жылы осынша мөлшерде алым жиналады деп жоспарланып отыр. Бұдан басқа, биылғы бірінші тоқсанда 5,8 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізіледі. Ал 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың тағы 5,2 мың шақырымы ақылы болады.