Шымкентте той өткізген тұрғындар анықталды

Жарияланды
Пандемия уақытда той өткізушілер саны азаяр емес

Шымкентте той өткізген тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Халық арасында шектеу шараларына қарамастан отбасылық жиын ұйымдастырып, той өткізушілер саны азаяр емес.

Мәселен Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласы Самал-3 мөлтек ауданы Алматы тас жолы бойында орналасқан «Хан шатыр» тойханасында той болып жатыр деген хабарлама түскен. 

Тәртіп сақшылары ол жерге барғанда тойханада үйлену тойы болып жатқаны анықталды. Бұл фактілер бойынша жиналған материалдар шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Сондай-ақ оқыңыз