2021 жылдың 5 қаңтары мен 31 қаңтары аралығындағы кезеңде салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 3 732 970 үзінді көшірме алды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Үзінділерде сондай-ақ, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу үшін ақы төлеуге арналған нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы деректер қамтылады. Өздері көрсеткен кезең үшін зейнетақы жинақтарының сомасы мен нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы ақпарат алған салымшылардың жалпы саны 1 248 185 адам.
Бұл ретте үзінді көшірменің 96 пайыздан астамын азаматтар БЖЗҚ-ның қашықтықтан электрондық қызметтерін пайдалана отырып, ал 4 пайызға жуығын салымшылар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ бөлімшелерінен алды.
Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты мынадай тәсілдермен алуға болатынын естеріңізге саламыз:
enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;
БЖЗҚ мобильді қосымшасында ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып;
www.cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалану арқылы;
eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы;
салымшының enpf.kz сайтында қалыптастырған үзінді көшірмесін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберуі арқылы;
салымшының қосымша өтініш беруі талап етілмейтін, БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы;
пошта байланысы қызметі арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайынғы хабарлау барысында жылына бір рет);
салымшы жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегі өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде.
БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде қызмет алу үшін салымшыға enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, арнайы нысанды толтырып, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы ыңғайлы келу уақытын таңдап, алдын ала жазылуға болады. БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар», «Өңірлік желі» бөлімдерінде берілген картадан ең жақын бөлімшені таңдау мүмкіндігі де бар. Онда бөлімшенің жұмыс кестесі, кезекші қызметкер туралы деректер мен байланыс телефондары көрсетілген.
Қорға барлық мәселелер бойынша 1418 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болады.