Жаңалықтар

АҚШ-та 26,5 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған

COVID-19-дан 450 мыңнан астам адам қайтыс болды

АҚШ-та 26,5 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та COVID-19-дан 450 мыңнан астам адам қайтыс болды. Тек 2021 жылдың басынан бері 100 мыңнан астам өлім жағдайлары тіркелген. 330 миллионға жуық халқы бар елде КВИ 26,5 миллионнан астам адам жұқтырған.