Ақтөбеде 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Негізінен шетелдіктер елде болу ережелерін бұзған

Ақтөбеде 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі күн ішінде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Іс-шара барысында 1-5 ақпан аралығында ПД Көші-қон қызметі басқармасы заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. 

Негізінен шетелдіктер республикада болу ережелерін бұзады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы – 39 азамат, оның ішінде 30 шетелдік және тоғыз Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, соттың шешімімен 10 шетелдік елден шығарылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз