Энерджи Тараз-заманауи энергиялық тиімді жарық техникасы өнімдерін, электротехникалық жабдықтарды, түрлі металл конструкциялар мен бұйымдарды өндіруші және жеткізуші. Сонымен қатар, кәсіпорын электр монтаждау жұмыстарының толық спектрін орындайды, мысалы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап электр техникалық сынақтарға дейін. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Жарықдиодты шамдар шығаратын зауыт 2011 жылы іске қосылған. Зауытта Германия, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытайдан жабдықтар орнатылған.
Қазіргі уақытта өндіріс ошағында шамдардың 40-тан астам үлгісі шығарылады, корпустардың, жарықдиодты модульдердің, қуат көздерінің және басқа компоненттердің өзіндік өндірісі бар. Өндірістік қуаты жылына 5 000 шам және 500 жиынтықты трансформаторлық қосалқы станциялар.
Айта кету керек, өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 70-80% – ға дейін жеткізілді. Компанияда CT KZ сертификаттары және № 3353 патент № 105693 зияткерлік меншікке куәлігі бар. Шамдарда 190 лм/Вт дейін жарық шығаратын АҚШ, Германия, Оңтүстік Кореяның жетекші әлемдік өндірушілерінің жарық диодтары пайдаланылады.