«Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктерді ұсынды

Жарияланды
Азаматтардың арнайы шотына 112,3 млрд теңгеден астам қаржы аударылған

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өкілетті орган болып саналатын «Отбасы банк» enpf-otbasy.kz онлайн платформасының жұмысын жақсарта түсті. Банк тарапынан клиенттерге бірқатар жаңа мүмкіндіктер ұсынылып отыр. 

Алдағы үш апта көлемінде мынадай мүмкіндіктер пайда болмақ: 

•    Бір жолғы зейнетақы төлемдері түскен болса да, мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды жүктегенге дейін, туысқаныңыздың қаражатын өзіңіздің қаражатыңызға қоса алатын боласыз. Мысалы пәтер сатып алу немесе ипотекалық қарызды өтеу. Бұл мүмкіндік бір жолғы зейнетақы төлемдерін алғаннан кейін, қымбатырақ баспана сатып ал шешімін қабылдаған клиенттер үшін ыңғайлы болмақ;

•    БЖЗҚ-дан қаражат түскеннен кейін де қалыптасқан біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға арналған өтінімді өзгерте алатын боласыз. Мысалы, өтінімнің мақсатын өзгерту;

•    Егер сіздердің зейнетақы төлемдеріңіз арнайы шотқа түскен болса да, сіз өтінішті жойып, 45 күн күтпей біржолғы зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ға қайтара аласыз.

Ал enpf-otbasy.kz  платформасына жүктелетін құжаттарға қойылатын талаптар мынадай: 

•    Жүктелетін құжаттар тек PDF форматында және сапалы болуы керек;
•    Сіздің жүктеп жатқан файлыңыз үлкен болуы мүмкін, сондықтан файл толық жүктелгеніне көз жеткізіңіз;
•    Егер «құжаттарды жүктеу» батырмасы көрінбей тұрса, демек өтінімді қабылдаушы-банк таңдалмаған, тағы бір мәрте тексеріңіз.
•    Егер салынған құжаттар талаптарға сәйкес келмесе, банк өтінімді қайта өңдеуге қайтаруға құқылы екенін есте ұстаған жөн.

Сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ қаражатының арнайы шотқа түскені туралы sms-хат арқылы хабарлау тетігі де іске қосылды. Банктен sms-ті күтіңіз және sms-ті алғаннан кейін ғана www.enpf-otbasy.kz платформасына растау құжаттарын жүктеуге кірісіңіз. 

Sms мәтіні:

«Құттықтаймыз! БЗТ сіздің арнайы шотыңызға түсті. Құжаттарды www.enpf-otbasy.kz жүктеңіз». 

Еске салайық, осыған дейін «Отбасы банк» алғашқы клиенттің біржолғы зейнетақы төлемін алып, үй сатып алғанын хабарлаған еді. 

«Өз зейнетақы жинағыңды пайдалануға болатыны жайлы мен әлеуметтік желіден оқыдым. Онлайн-платформа іске қосылған соң келесі күні мен ақшаны пайдалану бойынша өтініш бердім. 1 ақпан күні менің арнайы шотыма біржолғы зейнетақы төлемі келіп түсті» дейді Шымкент тұрғыны. 

Ол үйді үлескерлік қатысу келісімі аясында алуды көздеп отыр. Ал ипотекалық займды «Отбасы банк» арқылы рәсімдемек. 

«Біздің кейіпкерімізге көп жылдық несиеге үй сатып алудың жағымды бонусы – 3 жылдық жинаққа қол жеткізген кезде несие беру ставкасының 5 пайызға дейін төмендеуі болады. Біздің кейіпкеріміз атап өткендей, «Отбасы банкінде» тіркеу жылдам болды. Үш минут ішінде ол несие алуға банктің келісімін алды және құрылыс салушымен келісімшартты одан әрі рәсімдеу үшін тағы аздаған уақыт жұмсады» деп жазады уәкілетті орган. 

Есте ұстайтын екі жайт: 

•    enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы жеке кабинетте өтінім мәртебесінің жаңартылуын күтіңіз, «Төмендегі тізім бойынша қажетті құжаттарды жүктеңіз» деген хабарлама шығуы керек.
•    enpf-otbasy.kz жеке кабинетінде 45 күн ішінде таңдалған мақсатқа сәйкес құжаттарды тіркеңіз. 

Егер сіз «Отбасы банкіндегі» несиеңізді өтесеңіз, онда құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ. Барлық құжаттар жүйеде бар. Банк бөлімшесіне барар алдында www.hcsbk.kz банк сайты арқылы онлайн-кезекке тіркелуіңіз керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің түп нұсқасы болуы керек.

Ипотекалық қарызыңыздың бір бөлігін өтеу бойынша кеңестер:
 ⠀
•    Сіздің «Отбасы банкіндегі» арнайы шотыңызға ақша түскеннен кейін, enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріп, тізімнен несиені өтейтін банкті таңдаңыз; 
•    Егер қарызды «Отбасы банктен» басқа кез келген екінші деңгейлі банктерде өтегіңіз келсе, сізге міндетті түрде осы мақсатқа сәйкес қажетті құжаттарды жүктеу қажет;
•    Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге өтінім жіберіңіз;
•    Қарызды мерзімінен бұрын өтеуге өтініш беру үшін банк бөлімшесіне барыңыз; 
•    Егер сіз «Отбасы банкіндегі» несиеңізді өтесеңіз, онда бұл жағдайда құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ; 
•    Сіздерден бөлімшеге барар алдында www.hcsbk.kz банк сайтында онлайн кезекке тіркеліңіз; 
•    Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің түп нұсқасы болуы тиіс.

Барлық айтылған әрекеттерді қабылдаушы тараптың: банктің/ипотекалық ұйымның шотына арнайы шоттан қаражат аударылуы үшін жүргізуі қажет.

 

ЖССБ 24 мобильді қосымшасы арқылы арнайы шот бойынша үзінді көшірмені (выписка) қалай алуға болады?

7 қадам:

•    ЖССБ 24/интернет-банкингте авторизациядан өтіңіз;
•    «Операциялар» бөлімін таңдаңыз»;
•    «Анықтама алыңыз» пернесін басыңыз;
•    «Шот бойынша көшірме» пернесін басыңыз;
•    Біржолғы зейнетақы төлемдері түскен шотты таңдаңыз;
•    Кезеңді таңдаңыз, (1 қаңтар – 1 ақпан аралығын көрсетуге болады);
•    Үзінді көшірмені телефонға/компьютерге жүктеңіз.

Еске салайық, Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары 2021 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз