Шымкентте 1 қаңтар мен 2 ақпан аралығында 39 оқушы індет жұқтырған

Жарияланды
Оқу жылы басталғалы 17 мектепте 14 күндік карантин жарияланған

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 ақпан аралығында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 39 жағдай тіркелген. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

2020 – 2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 64 жағдайы тіркелген. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген.

Тексерулер нәтижесінде, КВИ анықталған 64 оқушының 18-і оффлайн режимде, 46 оқушы қашықтықтан (онлайн) оқығаны анықталды.

Департамент тарапынан COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде індет анықталған мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілген. Оқу жылы басталғалы 17 мектепте 14 күндік карантин жарияланған.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының 9 мектебінде карантин жарияланған, олар – №18, №6, №66, №104, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Байтерек» мектебі, №1, №22 және №35 мектептер.
 

Сондай-ақ оқыңыз