Алдағы 5 жылда облыс орталықтарында 5G іске қосылады

Жарияланды
Алматыда Digital Almaty 2021 форумы өтіп жатыр

Алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның  облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен жабдықталады. Бұл жөнінде премьер-министрі  Асқар Мамин  «Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 
 
Деректерді өңдеу және сақтау саласына салынатын инвестиция көлемін 82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін, 6 есеге артып, электрондық сауда үлесі 2 есе  көбейеді. 

«Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 есе өсуіне әкеледі. Ақпараттық технологиялар саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерді іске қосуға көмектеседі»  деді А. Мамин. 

Форум барысында Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич әлемдік ірі компаниялармен бәсекені арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одақта мемлекетаралық индустриялық деректер зертханасын құруды ұсынды. 

Машкевичтің айтуынша, ERG барлық мәліметтер мен ақпараттарды беруге дайын.

«Егер Еуразиялық экономикалық одақтың барлық тау-кен металлургия компаниялары осы зертханаға дерек беретін болса, бұл трендтер ді қадағалап отыру, дайын әзірлемелермен  алмасуға және ЕАЭО аймағыда  едәуір жылдам қозғалу мен әлемдік алыптармен бәсекеге түсуге  мүмкіндік берер еді»- деді Машкевич. 

Сонымен қатар, Digital Almaty 2021 форумында Алматы қаласының әкімдігі жасанды интеллект қолданылатын  екі жобаны таныстырды. Ұсынылған жобалар онокологиялық аурулар мен ишемиялық инсультты алдын ала диагностикалау секілді күрделі бағыттардағы тар шеңберлі дәрігер мамандарының тәжірибелік қызметінде жасанды интеллекттің қолданысын көздейді.

«Forus Data» компаниясы жасаған PACS – радиологиялық түсірілімдердің орталықтандырылған медициналық архивін жасауға бағытталған. Ал «Алматы жасанды интеллект зертханасы» ишемиялық инсультті ерте анықтау үшін CEREBRA жобасында жасанды интеллектті пайдаланады.
 

Сондай-ақ оқыңыз