Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін екі зауыт салынады
Жарияланды
Қуаттылығы жылына 220 мың тонна болады
Алматы облысының Іле ауданында қуаттылығы жылына 220 мың тонна болатын екі қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады. Бұл премьер-министрдің қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Басшысылардың айтуынша, облыстың агроөнеркәсіптік, көлік, логистика және туризм саласында айтарлықтай мүмкіндіктері бар.
Сондықтан оларды одан әрі дамытуға елеулі серпін беру керек. Ол үшін жаңа жобаларға салынатын инвестиция көлемін ұлғайту қажет.
Өткен жылы облыстың негізгі капиталына инвестициялар 4 пайызға өсіп, 680 миллиард теңгеге жетті. Бүгінгі күні облыста 500-ден астам жоба жүзеге асырылуда.