Жаңалықтар

Алматыда камералардың көмегімен 1 миллион 400 мың жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Былтырғы жылы

Алматы қаласының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері туралы азаматтарды хабардар ету жолдары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

    «Алматыда автоматтандырылған жүйелердің көмегімен анықталған жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін талдау және өңдеу функциясын Полиция департаментінің Процессингілік орталығы атқарады. Операциялық зал – орталықтың жүрегі болып табылады. Құқық бұзушылықтар туралы ақпарат анықталғаннан кейін арнайы базаға түседі. Өңдеу орталығының қызметкері деректер базасымен салыстыру жүргізіп, мәліметті әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізіліміне тіркейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі прокуратураның осы тізіліміне тіркелген бойда, жүргізушіге оның құқық бұзушылығының тіркелгендігі туралы қолжетімді байланыс арналары арқылы хабарланады. Бұл ұялы телефонға 1414 нөмірінен SMS хабарлама, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы ескерту немесе «Қазпочтаның» курьері сіздің үйіңізге жеткізетін хат болуы мүмкін. Айтпақшы, ақпараттандырудың бұл функциялары автоматты түрде жұмыс істейді, оған адами фактордың қатысы жоқ», – деп түсіндірді журналист Жазира Бегалы.

Былтыр автоматтандырылған ақпараттық жүйенің 700 камерасының және «Сергек» автоматтандырылған жүйесінің 2002 камерасының  көмегімен Алматы жолдарында 1 миллион 400 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.