Гатчина тұрғынының перинаталдық орталықтың күзетшісі оны ішке кіргізбегендіктен, машинада босануға тура келді.Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.
Бұған дейін жергілікті БАҚ Гатчинадағы перинаталдық орталықтың күзетшісі іші ауырған жүкті әйелді ішке кіргізбеді деп хабарлаған. Әйел медициналық мекемеде емес, көшеде босана бастаған.
Оған жақын жердегі жедел жәрдем станциясынан дәрігерлер көмекке келді. Сәби көлікте дүниеге келді.
Нәтижесінде жаңа басанған әйел сол перинаталдық орталыққа ауыстырылды.
Аталған факт бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Ленинград облысы бойынша ХҚК департаментінің баспасөз қызметі. Оның нәтижелері бойынша, егер негіздер болса, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, сол түні Гатчинада ауа температурасы минус 12 градус болған.