Жаңалықтар

Елімізде жұмыртқа бағасы қатты қымбаттап кеткен

Мамандардың айтуынша қымбатшылыққа құс тұмауы әсер етуі мүмкін

Елімізде жұмыртқа бағасы қатты қымбаттап кеткен. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

Мамандардың айтуынша бойынша  жұмырқаның қымбаттап кетуі, құс тұмауы әсер еткен болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл өнімге сұраныс та артқан.

Қазіргі уақытта  сауда орындарында жұмыртқаның 10 данасы 600 теңге шамасында сатылып жатыр.

 Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласында . Мұнда  жұмыртқаның 10 данасы  620 теңгеден.

 « Біз өнімнің не себепті қымбаттап кеткенін анықтайтын боламыз. Негізі тауар бағасын бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары қадағалау қажет. Олар мониторинг жүргізеді. Жаз мезгілінде сұраныс азайып, жұмыртқаның бағасы төмендейді деп ойлаймыз. Қазір сол агенттікпен бірлесіп бұл мәселені анықтап, жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз»,-деді ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры Зейнолла Шәріпов.