Үндістанның Уттаракханд штатындағы мұз көшкіні болып 150-ден астам адам жоғалып кетті, деп хабарлайды РИА Новости NDTV телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғалып кеткендердің көпшілігі Ришиганг су электр станциясының жұмысшылары.
Гималай тауларының Алакнанда мен Дхаулиганга өзендеріне үлкен мұз массалары түсіп, биік таулы жерлерде су тасқыны болды. Төменде орналасқан Сринагар, Ришикеш және Харидвар қалаларындағы су электр станциялары шұғыл түрде суды ағызып жатыр.
Сол ауданда, сондай-ақ өзеннің жанында орналасқан елді мекендерде автомобиль және теміржол көпірлерін салу жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің өміріне қауіп төнді.Тасқынға байланысты билік су электр станциясының астында орналасқан елді мекендерді эвакуациялай бастады.