АН-2 санитарлық ұшағының қозғалтқышы істен шығып қайта қонды

Жарияланды
Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан

АН-2 санитарлық ұшағын амалсыздан қайта қондырды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болды. Өйткені, ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған. 

Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.

Сондай-ақ оқыңыз