Бір аптаның ішінде Нұр-Сұлтанда 719 медицина қызметкері вакцина салдырды

Жарияланды
916 медицина қызметкері вакцинациядан өтуі тиіс болған

Елімізде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1 ақпаннан бастап осы уақыт аралығында 1-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда 916 медицина қызметкері вакцинациядан өтуі тиіс болған, оның 719-ы егу салдырды, қамту 78,5%-ды құрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады, деп жазды coronavirus2020.kz.  

Бүгінгі күнде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 вакцинасы бар. 

Бірінші кезеңде вакцинация 5 қалалық емханаларда жүргізіліп отыр.  Алайда келешекте халықты жаппай вакцинациялау басталған сәтте, қала бойынша 36 ұйымда ем-шара бөлмелері ұйымдастырылатын болады. 

Сондай-ақ оқыңыз