Еnpf-otbasy.kz интернет-платформасына өзгерістер мерзімінен бұрын енгізілді
Өзгерістер мерзімінен бұрын enpf-otbasy.kz интернет-платформасына енгізілді. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі өзінің Instagam парақшасында хабарлады.
«Достар, тамаша жаңалықтармен жұмыс аптасының соңында бөлісуге асықпыз, онлайн – платформада көптен күткен өзгерістер енгізілді! Енді, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де, немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз!»-делінген хабарламады.
Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?
enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз ;
Мақсаттын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;
ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ- пернесін басыңыз;
Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;
ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ – пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;
Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз.
Яғни, енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.
Енді сіз мұны enpf-otbasy.kz платформасында бірден жасай аласыз.