Индонезиядағы тасқын салдарынан 5,5 мыңнан астам үйді су басты

Жарияланды
Толассыз жауған жаңбыр Джакарта мен Батыс Явада су тасқынын тудырды

Индонезияның Батыс Ява провинциясының Бекаси қаласында толассыз жауған жаңбыр  салдарынан 5672 тұрғын үй су астында қалды.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Индонезиядағы табиғи апаттарды басқару ұлттық орталығының (BPBD) Бекасидегі кеңсесінің басшысы Генри Линкольннің айтуынша, нөсер салдарынан елдің кем дегенде 12 аймағында су тасқыны болды.

Судың деңгейі 30 см-ден бір жарым метрге дейін жетеді, деп атап өтті ол.

 «Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ»,- деді Линкольн.

Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына қажетті көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге Индонезияның астанасы Джакартада, атап айтқанда Шығыс және Оңтүстік Джакарта аймақтарында қатты жаңбыр жалғасуда.

Су деңгейі өте жоғары деңгейге көтерілген бірқатар аудандардың тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр

 

Сондай-ақ оқыңыз