Греция астанасында демалыс күндері коменданттық сағат енгізілді

Жарияланды
Польшада шектеулер біртіндеп алынып тасталуда

Греция астанасында демалыс күндері коменданттық сағат орнатылды, сенбі күні кешке қаланың көшелері бос қалған. Жұма күні ел билігі мемлекеттің тағы үш аймағы, оның ішінде эпидемиялық ошақтар көптеп тіркелген Аттика да ақпан айының ортасына дейін аталған шараны жүзеге асыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

⠀Австрияда жаңа ережелер қолданысқа енді, дүкендерде әр тұтынушыға кемінде 20 шаршы метр орын бөлінуі керек. Дүйсенбіден бастап шаштараздар мен сұлулық салондары келушілерге тек ковид сынамасының теріс нәтижесін ұсынған жағдайда ғана қызмет көрсететін болады.

 Польшада шектеулер біртіндеп алынып тасталуда. Аптаның басынан бастап елде сауда орталықтары мен мұражайлар ашылған, ал 12 ақпанда қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары мен ашық спорт алаңдары, оның ішінде тау шаңғысы алаңдары қайта іске қосылады.

Францияның тау шаңғысы курорттарында көтергіштер кем дегенде ақпан айының соңына дейін жабық күйінде қалады. Сондықтан, қонақ үйлер мен шаңғы трассалары ашық болғанына қарамастан, бұл кезеңде әдеттегі туристер ағыны күтілмеуде.

Еуроодақ елдері өткен бейсенбіде Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі мақұлдаған британдық AstraZeneca вакцинасымен азаматтарын егу жұмыстарын бастады.

Вакциналармен қамтамасыз ету проблемалары аясында еуропа елдері екпелердің ассортиментін ұлғайтуға, атап айтқанда, ресейлік және қытайлық әзірлемелердің арқасында кеңейтуге ниетті. Австрия мен Словакия аталған елдердің препораттары ЕО-да лицензия алса, осы вакциналарды шығаруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз