Жаңалықтар

Қостанай облысында ойын бизнесі заңсыз жұмыс істеген

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Қостанай облысында «STOP-ойын» ЖАШ шеңберінде Қостанай қаласында спорт-барларының бірінде ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Атап айтқанда, бұл мекемеде арнайы ойын жабдықтарын қолдана отырып, құмар карта ойындары өткізілген.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚР 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.